Елімізде өткен тәулікте 1259 адамнан коронавирус анықталған
Жарияланған күні:
Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Павлодар облысында тіркелген деп хабарлайды Coronavirus220.kz Telegram арнасы.
Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 61
Алматы қаласы - 116
Шымкент қаласы - 9
Ақмола облысы - 197
Ақтөбе облысы - 5
Алматы облысы - 62
Атырау облысы - 78
Шығыс Қазақстан облысы - 81
Жамбыл облысы - 14
Батыс Қазақстан облысы - 87
Қарағанды облысы - 86
Қостанай облысы - 88
Қызылорда облысы - 9
Маңғыстау облысы - 10
Павлодар облысы - 246
Солтүстік Қазақстан облысы - 85
Түркістан облысы - 25
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 187 970-ке жетті.
Еске сала кетсек, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланған болатын. Соған сәйкес, Алматыда карантин күшейтілмейтін болды.
Сондай-ақ, жаңа ережелерге сәйкес COVID-19 дертінің жеңіл және орташа түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Бұл үйде карантинді сақтау шарты қойылмаған жағдайда, симптомсыз науқастарға да қатысты.
Қазақстанда бірде бір коронавирус жұқтырған пациент тіркелмеген ауыл анықталған еді.
Ол Жамбыл облысында орналасқан. Меркі ауданы Аспара ауылдық округінде пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмеген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896581-elimide-tken-tulikte-1259-adamnan-koronavirus-anyktalgan/