Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол талғамайтын көлік жүргізушісі адамдарды қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: Lada.kz

30 қаңтарда Ақтаудағы 17 шағын ауданда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Оқиға туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді деп жазады Lada.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына "Мираж-5" патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аттанған.

Мұнда тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі 17 шағын ауданда жолдан өтпек болған адамдарды қағып кеткенін анықтаған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың нақты саны хабарланбады.

Жол талғамайтын көлікті басқарған ер адамға "Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта көлік айып тұрағына қойылған. Болған оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, соның салдарынан төрт адам қаза тапқанын жазған едік.

"Жол-көлік оқиғасы "Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы" тасжолының 88-шақырымында болды. 32 жастағы ер адам тізгіндеген "КамАЗ 5320" маркалы жүк көлігінің тіркемесі "ВАЗ 2112" жеңіл көлігінің бүйірінен соққан", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеңіл көліктегі 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы (31 жастағы әйел адам мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896627-aktauda-zol-talgamajtyn-klik-zrgizusisi-adamdardy-kagyp-ketti-video/

pixel