Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлайды Алтайньюс.

Өңірдің полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 26 қаңтар күні сағат кешкі 20.00 шамасында орын алған.

Шемонайхадан облыс орталығына шыққан көлік Рулиха ауылына жеткенде апатқа ұшыраған.

"Жол-көлік оқиғасы "Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы" тасжолының 88-шақырымында болды. 32 жастағы ер адам тізгіндеген "КамАЗ 5320" маркалы жүк көлігінің тіркемесі "ВАЗ 2112" жеңіл көлігінің бүйірінен соққан", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеңіл көліктегі 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы (31 жастағы әйел адам мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896039-sygyz-kazakstanda-zantrsigerlik-zol-apatynan-4-adam-kajtys-boldy/

pixel