Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде карантин толығымен қашан аяқталады: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов карантинді толығымен қай кезде алып тастау мүмкін болатынын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қиясов журналистерге берген сұқбатында айтты.

"Егер біз халықтың вирусқа қарсы иммунитетін 50 пайызға дейін жеткізсек, онда біз бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз. Сонда шектеу шаралары да, карантин де, локдаун да болмайды. Менің ойымша, бұл вакциналауды ең ұтымды тұсы болады", - деді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар, ол бастапқыда адамдар вакцина салуға асықпайтынын алға тартты. Қиясовтың сөзінше, екпе алатындардың саны көбейген сайын халық вакцинада ешқандай қауіп жоқ екенін түсінеді. Сондықтан сұраныс артады, дейді бас санитар.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші вице-министр Марат Шорановтың ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 70-80 пайызы екпе алуы керек деген. Алдын ала болжам бойынша ондай көрсеткішке тамыз-қыркүйек айында жетуге болады.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, ұжымдық иммунитетті 50-60 пайызға жеткізу үшін 10 миллион адамға вакцина салу қажет.

Бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Бас санитар дәрігер екпеден кейінгі жағдайымен бөліскен. Қиясовтың айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін жайсыздық сезінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896632-kazakstanda-karantin-tolygymen-kasan-aaktalady-ministrlik-zauap-berdi/

pixel