jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Қамап жатырмыз": Бақтияр Артаев сотталған Хамитовке қолдау білдірді

Бахтияр Артаев
Фото: Instagram/bakhtiyar_artayev

Отандық танымал боксшы Бақтияр Артаев алты айға бас бостандығы шектелген аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитовке қатысты жағдайға пікір білдірді. Былғары қолғап шебері спорттағы інісіне қолдау көрсетіп, билік басындағыларға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақтияр Артаев Instagram парақшасында арнайы видео үндеу жариялап, онда басы дауға қалған Қуат Хамитовке деген қолдауын білдірді.

Ол аралас жекпе-жек спортшысының сотталуын әділетсіздікке балап, бұл шешімнің қате болғанын айтты.

"Кешеден бері интернет желісін шулатып жатқан ақпарат - Қуат Хамитовтың алты айға сотталғаны. Осыған байланысты Қуат бауырыммен хабарластым. Мән-жәйды білдім. Расында алты айға үй қамағына алынған екен. Осы тұрғыда менің азаматтық позициям мынадай: Ол менің бауырым, спортшы болғандықтан мен бұл жағдайда үндемей қалуым мүмкін емес. Біз демократиялық және зайырлы мемлекет болғаннан кейін өзінің ойын ашық жеткізе білу керек. Егер елім деген әр азаматтарымызды қамай берсек, еліміздің болашағы не болмақ?
Сондықтан мен бұл шешім дұрыс емес деп есептеймін. Керісінше, осындай елім дейтін спортшылар бар кезде оларды барынша қолдап, ел атын шығаруына атсалысудың орнына біз өкінішке орай оларды қамап жатырмыз. Осы тұрғыда бір-ақ нәрсе айтқым келеді. Мен мемлекет басшылығында отырған кісілерден әділ болып, осындай батырларымызды қолдауларыңызды сұраймын. Ал Қуат сияқты бауырларыма аман болыңдар. әрқашан ел атын шығара беріңдер. Біз сендермен бірге боламыз" , - деді Артаев.

"Қамап жатырмыз": Бақтияр Артаев сотталған Хамитовке қолдау білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.