Ақпан айында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК мамандары ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, ақпан айында еліміздің басым бөлігінде қаңтарға қарағанда тұман және көктайғақ жиі болады.
Жауын-шашын мөлшері азаяды, тек Қазақстанның таулы аудандарында артады.
Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Жауын-шашын көбінесе елдің оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында аралас (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.
Ақпан айында циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруі күтіледі.
Бірінші онкүндіктің ортасына қарай республика бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
- батыста түнде -5 +3 градусқа дейін, күндіз -2 +10 градусқа дейін;
- солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде 0-ден -10 градусқа дейін, күндіз -5 +3 градусқа дейін;
- оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3 +5 градусқа дейін, күндіз +8 +15 градусқа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы керісінше төмендейді:
- Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -15 -25 градусқа дейін, күндіз -10 -16 градусқа дейін;
- еліміздің батысында, солтүстік-батысында түнде -10 -18 градусқа, күндіз -5 -12 градусқа дейін;
- оңтүстік өңірлерде түнде -7 -15 градусқа дейін, күндіз -5 +5 градусқа дейін.
Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы қайта көтеріледі деп күтілуде.
- елдің солтүстік жартысында күндіз 0-ден -7 градусқа дейін,
- оңтүстік жартысында +5 +10 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте +15 градус.
Температура айтарлықтай төмендеуі де ықтимал.
- республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -20 -30 градусқа дейін, күндіз -10 -18 градусқа дейін,
- елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде -10 -18 градусқа дейін, күндіз -7 -12 градусқа дейін,
- ҚР оңтүстік жартысында түнде -7 -12 градусқа дейін, кей жерлерде -15 -20 градусқа дейін, күндіз -2 -13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896739-akpan-ajynda-aua-rajy-kandaj-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.