Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухты көтергені рас": Белгілі журналист марапат алған Аша Матайды жақтап шықты

Опубликовано:

Руслан Өтепбай
Фото: Instagram/ruslan_utepbai

Отандық танымал журналист Руслан Өтепбай ерекше марапатқа ие болып, ел сынына ұшыраған Аша Матайды жақтап шықты. Ақпарат өкілі телевизия саласындағы әріптесін аталмыш жүлдеге лайықсыз дегендерге жауап беріп, оларды орнына қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Руслан Өтепбай танымал тележүргізушіге жаудырылған сынның мүлдем орынсыз екенін алға тартты. Ол Instagram желісінде арнайы жазба жариялап, не себепті Аша Матайды жақтайтынын тізіп шықты.

"Мына бір жаңалықты ел жаға ұстатар жайтқа балап жатыр. Қазақ қызы ұлттық рухты көтерсе оның несі айып? Аша «Қалаулымды» жүргізіп жүріп, ұлттық рухты, «диванный духты» көтергені рас қой. «Қалаулымды» көріп, қазақ қыздарына жанымыз ашығаны тағы рас. Тепсе темір үзетін жігіттердің бет моншақтары үзіліп, араны ашылып, сызылып, сұйылып кеткенін көріп ашуға булыққанымыз да рас.

«Жоба жабылсын» деп бір топ азамат атқа мінді. Ол азаматтардың қытығына тиіп, қысқан қатысушылар емес, ар мен ұят. Экран ішіндегілер сыртындағыларға ұлттық рухтың оянуына әсер берді емес пе?! Тірнектеп жиған беделім тігісінен сөгілді деп, бағдарламаны тізгіндеген Аша қажымады. Керісінше қыз бен жігіттерге жақсы жеңгетай, ал қоғамға «жаман» атты болды. «Жаман» болса да жақсы маман ретінде ұлттық рухты көтеріп кеп жіберді.

Нәтижесі міне, көз алдарыңызда. Матай руының қолбасшысы Бөрібай батыр төсбелгісімен марапатталды. Бөрібай батыр уағында жоңғарларға қарсы соғыста Матай руын қолын бастаған. Ешкімге дес бермеген, есесін жібермеген, түбінде жоңғарларды жеңген жауынгер болатын. Ұрпағына да сол жеңісті тілеймін" , - деп жазды Руслан Өтепбай.

Айта кетейік, 29 қаңтар күні Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен марапатталған болатын. Алайда, бұл жайт желідегілер арасында қызу талқыланып, тіпті кейбірінің наразылығын тудырды. Олар белгілі тележүргізушінің аталмыш марапатқа лайық емес деп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896818-ruhty-ktergeni-ras-belgili-zurnalist-marapaty-sin-synga-kalgan-asa-matajdy-zaktap-sykty/

pixel