Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл халық санағы қалай жүргізіледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Биыл Қазақстанда халық санағы өтеді. Санақ екі жолмен – онлайн және үйді-үйді аралау арқылы жүргізілмек. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, президент жанындағы реформа жөніндегі жоғары кеңестің шешіміне сәйкес, халық санағы биыл өткізіледі. Халық санағының жаңашылдығы –заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру.

Келімбетов азаматтар туралы деректер екі жолмен жиналатынын жеткізді.

  • Бірінші әдіс – арнайы sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу арқылы. Ол респондентке вирутал көмекшінің көмегімен өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақшаларын толтыруға мүмкіндік береді.
  • Екіншісі – санитарлық нормаларды сақтай отырып үй-үйді аралау. Дәстүрлі формат онлайн режимде санаққа қатыспаған тұрғындар үшін қолданылмақ.

Бұл шараларды қазан айында өткізу жоспарланып отыр, дейді стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

Келімбетовтың айтуынша, халық санағын жүргізетін қызметкерлер үй-үйді аралау кезінде электронды планшет пайдаланады. Кейін барлық техниканың сол өңірдегі мектептерге берілетіні белгілі болды.

Үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі.

Ведомство басшысы халық санағын жүргізу шараларын іске асыру мақсатында арнайы комиссия құрылатынын ерекше атап өтті. Оған премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов төрағалық етпек. Арнайы комиссияның алғашқы отырысын 10 ақпанда өткізу ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896847-kazakstanda-biyl-halyk-sanagy-kalaj-zrgiziledi/

pixel