Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында туыс ағасының атына несие рәсімдеп жіберген інісі әшкере болды

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданында полицейлер туысының атынан несие алған тұрғынды ұстады деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, ер адам полицияға арызданып, өзінің атынан онлайн-несие алып, 60 мың теңге шығын келтірген адамды анықтап, жауапқа тартуды сұраған.

Түлкібас ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстаған. Ол зардап шегушінің туыс інісі болып шыққан.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өткен жылы туыс ағасына хабарласып, танысы ақша салатынын айтқан.

Сол үшін інісі ағасынан банк карточкаларының коды мен жеке куәлігінің мәліметін суретке түсіріп жіберуді сұраған.

Туысына сенген зардап шегуші ол сұратқан ақпараттарды берген. Осы арқылы күдікті онлайн-несие алуға өтініш берген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтамақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында туған ағасының сейфте тұрған 12 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен ер адам қолға түскенін жазған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысының жергілікті тұрғыны тәртіп сақшыларына шағымданып, банктік шотынан заңсыз ақша аударылғанын айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгеннен кейін полицейлер жәбірленушінің шотынан 40 мың теңгені келіні аударып алғаны анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896952-trkistan-oblysynda-tuys-agasyny-atynan-nesie-rsimdep-zibergen-inisi-skere-boldy/

pixel