Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты

Опубликовано:

Жаңаөзен1
Желідегі видеодан кадр: instagram.com/zhanaozen_online

Жаңаөзенде мұнай компаниясына қызмет көрсететін жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс сағатын ұзартуды талап етіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"Біз, "МұнайСпецСнаб" компаниясына жалданып жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер Toyota Hilux жүргізушілері, өзіміздің тарифымыздың уақытын көтеруін талап етеміз", - дейді жұмысшылар бейнежазбада.

Бұл жазба әлеуметтік желіге жарияланған бойда бейнежазбадағы азаматты Жаңаөзен қалалық полиция бөлімшесі түсініктеме алуға шақырған.

Шенділер наразылық білдіргендерге "егер осындай видеолар тағы да шығатын болса, айыппұл саламыз", деп ескерту жасаған деп хабарлайды телеарна.

Наразылық білдірушілердің айтуынша, карантинге дейін бір күнде он сағаттық жұмысына 14 мың теңге алып келген. Ал карантин кезінде жұмыс уақыты мен төлем көлемі қысқарып, күндік жалақы 10 мың теңгеге дейін азайып қалған.

"Бұл ақша ештеңеге жетпейді" , - дейді жиналғандар.

Алайда наразылық білдірушілермен кездескен атқамінерлер "айлық көбеймейтінін" кесіп айтқан.

"МұнайСпецСнаб компани" ЖШС-нің басшысы Ерлан Сәбиев мырзаның айтуы бойынша компанияның қаржылық жағдайы 1200 теңгеден 1400 теңгеге көтеруге еш мүмкіндік жоқ екенін айтты. Сонымен қоса сағаттарын осы тарифтік мөлшерлемемен істей беретінін жеткізді. Қазір тұрған жігіттерді қайта жұмысқа шығатын болса, қабылдауға дайын", - дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896993-zaazende-mnaj-kompaniasyny-zmyssylary-ereuilge-sykty/

pixel