Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды

Опубликовано:

Талғар ауданы әкімі
Фото: Талғар ауданы әкімдігі

Осыған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің пара алды деген күдікпен ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. Ол уақытта құзырлы органдар ақпаратты растаған да, теріс шығарған жоқ болатын. Шенеунік жұмысқа да шықпады. zakon.kz-тің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғанын растаған.

Желіде Талғар ауданының әкімі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы орынбасарымен бірге ұсталғаны хабарланған еді.

Шенеуніктер орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігерлік ұйым директорынан 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды", - делінген жауапта.

Айта кетейік, Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі қызметіне өткен жылдың тамыз айында бұрынғы әкім қайтыс болған соң тағайындалған еді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен білім саласындағы өңірлік ақпараттық технологиялар ҒӨО директоры Арапби Меңлібаевтың ұсталғаны хабарланған болатын.

Тергеу екі шенеунік пандемия жағдайында кеңсе техникасын сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деп санайды.

Одан бөлек бұл істе Алматы облысы білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Абдолданованың есімі аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897027-talgar-audany-kimini-stalgany-turaly-akparat-rastaldy/

pixel