Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды ақпан айында не күтіп тұр: Белгілі астролог болжам жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.

Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Әбдірайымова қазіргі уақытта банк жүйесі экономика мен қоғамның "қатерлі ісігі" екенін және ол 2024 жылдың ортасына дейін өзгеретінін айтты.     

Оның сөзінше, ақпан айында адамдар төңірегінен өзімен ниеттес, пікірлес, мақсаты ортақ жандарды іздей бастайды.

Достық қарым-қатынасты жолға қойып, өзгелермен пікірімен, білімімен бөлісуге деген құлшыныс оянады. Әлеуметтік желі арқылы көп араласады.

Еш нәрсеге міндеттемейтін, қысқа мерзімдік таныстықтар артады.

Адамдар еркіндікке, әділдікке ұмтылады. Егер әлдекім бостандығын шектеуге тырысса, қарсылық танытады.

Лауазымы жоғары қызметкерлердің, басшылық пен биліктің алдында қорқыныш жоғалады.

"Саясаткерлердің көбі халыққа жақын болғысы келетінін көрсетеді. Саяси аренада жаңа лидерлер пайда болады. Түрлі қоғамдық ұйымдар, бейресми бірлестіктер құрылуы мүмкін", - деді Әбдірайымова.

Астрологтың болжамынша, адамдардың дені қандай да бір қоғамға мүше болуды қалайды. Тың идеялар пайда болып, бұрынғы жоспарлар өзгереді.

Жалпы, осы айда өзгерістер мен күтпеген оқиғалар болуы мүмкін, ғылыми жаңалықтар ашылуы ғажап емес, деп жалғастырды сөзін маман.

"Саяси ойындардан аулақ жүріңіз. Заңды деп ойлаған кейбір ұйымдар заңсыз болып шығуы мүмкін", - деп ескертті ол.

Сондай-ақ, бұл айда ақыл-ой мен түйсік жақсы жұмыс істейді.

Материалдық жағдайға, өз-өзіңді қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлуге тура келеді. Адамдар жалақысының өскенін, еңбегінің лайықты бағаланғанын талап ете бастайды. Осындай ұрандармен көшеге митингке шығады.

"Айдың соңында кейбір адамдар серігінен көңілі қалып, қарым-қатынасты үзеді. Бірақ, шешім қабылдауға асықпаңыз. Айдың ортасында жағдай өзгеруі мүмкін", - деп кеңес берді Әбдірайымова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897124-kazakstandyktardy-akpan-ajynda-ne-ktip-tr-belgili-astrolog-bolzam-zasady/

pixel