jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Air Astana компаниясы Мәскеуге ұшатын рейстер санын арттырмақ

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

5 ақпаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Мәскеуге жасалатын рейстер санын арттырмақ. Одан бөлек Алматыдан ұшатын тікелей рейсте қайта жанданады деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасы.

Алдын ала ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтан - Мәскеу рейсі аптасына екі рет, сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ал Алматы - Мәскеу бағытындағы ұшақ жұма күні ұшады.

Сонымен бірге ресейлік "Аэрофлоттың" алдын ала кестесі де белгілі болды. Әуе компаниясы төменде көрсетілген рейстерді 10 ақпаннан бастап орындайды.

Рейстерді орындау барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталатыны айтылған.

Ал Air Astana компаниясының ресми сайтында әуе кемесінің Домодедово әуежайына қонатыны айтылған.

Осы ретте Қазақстаннан Ресейге тек осы елдің азаматтары, сондай-ақ Ресейде тұруға ықтиярхаты бар азаматтар ғана кіре алатыны айтылған.

Ресейге келген барлық шетелдіктер ПТР-тестілеуден өтіп, анкета толтыруы міндетті. Тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама мерзімі рейске мінгенге дейін үш тәуліктен аспауы керек. Құжатты орыс немесе ағылшын тілінде басып шығарып, сапар аяқталғанша сақтау керек.

Ал отанына қайтатын ресейліктер рейс ұшқанға дейін мемлекеттік қызмет порталындағы арнайы форманы толтыруы тиіс. Сонымен бірге олар келгеннен кейін үш күн ішінде ПТР-тесттен өтуі керек.

Транзиттік жолаушылар да Ресейге келе алады. Оларға баратын елдің талаптары қолданылады.

Осы ретте транзиттік жолаушылар ПТР-тестін тапсыруы міндетті. Олардың транзиттік аймақта ең көп болу уақыты - 24 сағат.

Air Astana компаниясы Мәскеуге ұшатын рейстер санын арттырмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.