Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жатақхана деуге болады": Депутаттар қызметтік пәтері туралы не ойлайтынын айтты

Опубликовано:

мәжіліс
Фото: мәжіліс

Парламент мәжілісінің депутаттары "пандемия мен дағдарыс жағдайында халық қалаулылары қызметтік пәтерден бас тартқаны жөн бе?" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің су жаңа депутаты Айдос Сарым қызметтік пәтерді қажеттілік деп санайды. Себебі ол меншікке берілмейді.

"Қазір өткен шақырылымның депутаттары көшіп, жөндеу жүрді, біз енді қоныс аударып жатырмыз. Дәл солай біз кеткен соң, орнымызға басқалары келіп тұрады. Пәтердің ішінде ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ. Қаласаңыздар, қонаққа келіңіздер, бәрін көрсетеміз", - деді Айдос Сарым.

Мәжіліс депутаты қызметтік пәтердің кілтін алған, көшу үшін әйелін күтіп жүр.

Ал Айдос Сарымның әріптесі Жанат Омарбекова қызметтік пәтерде тұрмайтынын жеткізді.

Халық қалаулысы Ирина Смирнова болса мәжіліс ғимаратына жақын орналасқан тұрғын үйді депутаттардың жатақханасы деп санайды.

"Менің ойымша, біз ешқандай ерекше талап қойып отырған жоқпыз. Мен үшін бұл пәтерлер жатақхананы білдіреді. Пәтер іші қарапайым жиһаздармен жайғастырылған, ертең біз көшкен кезде, ол келесі депутатқа қалады", - дейді депутат.

Ол қызметтік пәтерде тегін тұрмайтынын алға тартты.

"Айтпақшы, біз "квартплата" төлейміз. Төлемейді деп жатады ғой. Төлейміз. Мысалы, мен айына 25 мың теңге төлеймін. Жалпы, пандемия жағдайында депутаттардың  жатақханада тұруы, менің пікірімше, қалыпты жағдай", - деді Ирина Смирнова.

Оның болжамынша, депутаттардың шамамен 70 пайызы қызметтік пәтерде тұрады. Пәтерді, негізінен, басқа өңірден көшіп келгендер алады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Оған "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады.

Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы 71,09%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, "Қазақстан халық партиясы" 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Ал 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді. Оларға жеке куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897201-zatakhana-deuge-bolady-deputattar-kyzmettik-pteri-turaly-ne-ojlajtynyn-ajtty/

pixel