Ислам тұрғысынан тыйым салынған зат жоқ: "Спутник V" халал екені анықталды
Жарияланған күні:
Ресей Мұсылмандар діни басқармасы "Спутник V" вакцинасын жасаушылар препараттың құрамымен таныстырғанын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, вакцина "халал" талаптарына сай келеді деп хабарлайды РИА Новости.
Мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Ильдар Аляутдиновтың айтуынша, препараттан шошқа желатині табылмаған.
"Бір қарағанда ислам тұрғысынан тыйым салынған зат жоқ деп айта аламыз", - дейді Ильдар Аляутдинов.
Мүфтий келесі аптада ғұламалар кеңесі мен вацина жасаушылардың кездесуі өтетінін хабарлады.
"Біз бұл мәселе бойынша діни және құқықтық қорытынды - пәтуа дайындап жатырмыз", - дейді мүфтий.
Еске сала кетсек, Ресей мұсылмандар діни басқармасы коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын мұсылмандарға салуға болатынын не болмайтынын білу үшін оның құрамы туралы мәлімет сұрағанын болатын.
Өйткені екпе құрамындағы кейбір заттар мұсылмандар үшін рұқсат етілмеген болуы мүмкін.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құрметті Александр Леонидович, сізден РФ МДБ Ғұламалар кеңесіне "Спутник V" құрамы туралы толық ақпарат беруіңізді сұраймыз.
Бұл аталған вакцинаның мұсылмандарға рұқсат етілгені немесе тыйым салынғандығы туралы дұрыс діни тұжырым жасауға көмектеседі", - дейді Ресей мұсылмандар діни басқармасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Индонезияның ғұламалар кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның адал (халал – ред.) екендігіне көз жеткізу үшін арнайы куәлік сұрап отырғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897331-islam-turgysynan-tyiym-salyngan-zat-zoq-sputnik-v-xalal-ekeni-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.