Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда антисептик ішкен қыздың өлімінен кейін орталық директоры отставкаға кетті

Опубликовано:

Николай Кожахметов дает интервью
Николай Кожахметов. Фото: NUR.KZ

Павлодар облыстық балаларды қолдау орталығының директоры жұмыстан кету туралы арыз жазды. Өңірде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтіп, 2 қаңтарда болған оқиға талқыланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік білім басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, орталықтың бірнеше жұмысшысы жұмыстан кетуге арыз жазған. Тізімде медбике, екі тәрбиеші мен қарауыл бар. Сонымен бірге мекеме директоры Николай Қожахметов те отставкаға өтініш берген.

Ведомство басшысының сөзінше, қазіргі уақытта полиция тек бір дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

"Қаіргі таңда тек бір қылмыстық бап - салғырттық бойынша іс қаралуда. Ол жерде суицид болмағаны айдан анық", - дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Айта кетсек, дәл осы балаларды қолдау орталығында 2020 жылы прокурорлар жуынатын бөлме мен дәретханалардан камералар тапқан еді. Тексерістен кейін оларды жою туралы талап қойылған.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, жасөспірімдердің антисептикті нақты қай жерде ішкені белгісіз. Қалған камералардың объективіне барлығы жазылмайды.

"Расымен де, бұл камералар бізге көмектесер ме еді деп болжап отырмыз. Біз бұл қайғылы жағдайдың алдын алуымыз мүмкін еді. Бірақ бұл менің жеке ойым", - дейді Дінислам Болатханұлы.

Еске сала кетсек, Павлодарда 17 жастағы қыз антисептиктен уланып көз жұмған болатын.

Жас қыз 2 қаңтар күні сағат 18.30-да жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оған белгісіз заттан улану, ми ісінуі диагнозы қойылғаны белгілі болды. Интенсивті терапия жасалған.

Алайда кешкі сегізде қыздың жүрегі тоқтап қалған. Жарты сағат бойы реанимациялық шаралар жасалды, бірақ еш нәтиже бермеген.  

Кейінірек, оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897339-pavlodarda-antiseptik-isken-qyzdyn-oliminen-keiin-ortalyq-direktory-otstavkaga-ketti/

pixel