Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинадан соң есінен танып қалды" деген медбике үндеу жасады

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: instagram/taldykorganec.insta

Алматы облысы, Талдықорған қаласында "вакцинациядан кейін есінен танып қалды" деген медбике видеоүндеу жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Медицина қызметкерінің мәлімдемесі Instagram желісіндегі taldykorganec.insta парақшасында жарық көрді.

"Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде медбикемін. Кеше №2 емханаға коронавирусқа қарсы вакцина алуға бардық. Вакцинация алдында уайымдағаннан кейін жүрегім қатты соғып, сол жерде алғашқы көмек көрсетілді. Сосын жағдайым дұрысталып, үйге қайттым. Ал әлеуметтік желідегі «сол жерде талып қалыпты», «жансақтау бөліміне алып кетіпті» деген сипатта тараған ақпараттың бәрі жалған", - деді медицина қызметкері.

Сондай-ақ видео авторы бүгін жұмыста отырғанын және жағдайы жақсы екенін, 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алуға дайын екенін алға тартты.

Еске сала кетсек, кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Талдықорғанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" вакцинасы енгізілгеннен кейін медицина қызметкерінің есінен танғаны туралы ақпарат пайда болғанын атап өтті.

Осыған байланысты олар осы медициналық қызметкердің қазіргі кезде өзін қалай сезінетінін, жалпы, 1 ақпаннан бастап қанша дәрігерге вакцина егілгенін және олардың иммундауға кері реакциясы бар-жоғын сұрады.

Бұған жауап ретінде Ажар Ғиният екі күнде 5 мыңнан астам медициналық қызметкер вакцинациядан өткенін айтты.

"Талдықорғанда болған жағдай вакцинаның сипатына байланысты емес. Бұл вакцинаға аллергиялық реакция емес. Медбике вакцинадан қорыққанын мойындады, осыған байланысты оның қан қысымы көтерілді", – деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897362-vakcinadan-son-esinen-tanyp-qaldy-degen-medbike-undeu-zasady/

pixel