Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір облысында карантин жеңілдетілді

Жарияланған күні:

Маска таққан қыз бала
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді. Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев қол қойды деп хабарлайды облыстық СЭДК ресми сайты.

Құжаттың мазмұнына сәйкес, келесі аптадан бастап мешіттерге, шіркеулерге және басқа да діни орындарға жұмыс істеуге рұқсат етілген, адам толтыру 30 пайыздан аспауы керек.

Сонымен қатар, облыс ішіндегі қалааралық рейстердің жұмысы қайта қалпына келтіріледі, көлік ішін толтыру 75 пайыздан аспауы керек.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына жексенбіні қоспағанда, күн сайын таңғы сағат 10-дан кешкі 11-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс істеуге әлі де тыйым салынған. Сауда орталығындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана рұқсат бар.

Ашық базарлардың жұмысына әдеттегідей жексенбіден басқа күн сайын рұқсат етілді. Жабық базарлар тек адам толтыру деңгейі 30 пайыздан аспайтын жағдайда және ережелерге сәйкес санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда жұмыс істей алады.

Қоғамдық тамақтану нысандарына келесі шартпен таңғы 8-ден кешкі 11-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді: адам толтыру 50 пайызға дейін, 50 орыннан артық емес, әр үстелге 4 орын.

Қаулы 2021 жылдың 8 ақпанында, дүйсенбіде күшіне енеді.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында карантин 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылды.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897380-qazaqstannyn-tagy-bir-oblysynda-karantin-zenildetildi/