Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да шектеу шаралары 14 ақпанға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Блок бекет
Фото: Telegram/ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Шығыс Қазақстан облысында карантин 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram арнасы.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде Алматы облысы жағынан ШҚО-ның сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет қойылады.

Одан бөлек, қоғамдық көліктер отыратын орын санына байланысты сыйымдылығы 75 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істей алады. Сондай-ақ қарбалас уақытта автобустар санын арттыруға рұқсат.

Сонымен қатар топ болып құлшылық етуге оның ішінде жұма-намазына рұқсат жоқ. Діни бірлестік объектілерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады.

Мәдени нысандарға 30 адамнан аспайтын жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат.

Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікті сақтай отырып, сыйымдылығы 20 пайыздан аспаған жағдайда, соның ішінде залда бір уақытта 100 адамнан аспайтын көрермен болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Санитариялық ережелердің белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептер қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылатын болады.

Сонымен қатар қызметкерлердің кемінде 60 пайыздан қашықтықтан жұмыс істеу форматы сақталады (штатта 40-тан астам қызметкер болса).

Айта кетейік, қазір ШҚО коронавирустың таралуы көрсеткіші бойынша сары" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896919-sko-da-sekteu-saralary-14-akpanga-dejin-zartyldy/

pixel