Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік шенеунік қос азаматтыққа қатысты дауға пікір білдірді

Опубликовано:

Олег Почивалов
Фото: gov.kz

Шымкент дене шынықтыру және спорт басқармасы Олег Почиваловтың қос азаматтығына қатысты дауға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кейбір қоғам қайраткерлерінің менің қос азаматтығым туралы ақпаратты хабарлап, таратып жатқаны маған бұрыннан белгілі, бірақ мен өзімнің Қазақстан Республикасының ғана азаматы екенімді тағы да мәлімдеймін. Менің қос азаматтығым туралы растауды ұсынған Шымкент полиция департаментіне қатысты мен 2021 жылғы 22 қаңтарда сотқа арыз жолдадым. Ол қабылданды және азаматтық іс қозғалды. Мен өз құқығым мен абыройымды қорғаймын", - деп келтіреді ведомство Олег Почиваловтың сөзін.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желіде Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қос азаматтығы бар екені туралы ақпарат тарады. Ал мұндай әрекетке біздің елде тыйым салынған. Соған қарамастан, әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарған еді. Ал жақында Олег Почиваловтың шын мәнінде Қазақстаннан басқа да елдің азаматы екені расталды.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың шетел азаматтығы бар екенін анықтады. "ҚР азаматтығы туралы" Заңның 21 - бабының 5-бөлігіне сәйкес Шымкент полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісін тіркеді", - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897413-symkenttik-seneunik-qos-azamattyqqa-qatysty-dauga-pikir-bildirdi/

pixel