jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Мақсат Толықбай: Шенеуніктер вакцина салдырғанын видео арқылы көрсетсін

Мақсат Толықбай
Фото: Instagram/maksattolykbai

Қазақстандық танымал журналист Мақсат Толықбай елімізде басталған жаппай вакцинацияға қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі коронавируске қарсы екпені алдымен шенеуніктерге салу керек деген пікірлерге толықтай қосылатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Толықбай аталмыш мәселеге қатысты өзінің Instagram парақшасында видео үндеу жолдап, онда вакцинаны өзі қашан салуға құлықты екенін айтты.

Журналист екпені президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан кейін жасататынын түсіндірді.

"Құрметті достар, қазір вакцина тақырыбы өзекті болып тұр. Ресейден әкелінген препараттарды егу басталды. 20 мың дозасы әкелінді. Алдағы 3-4 айда тағы 600 мың дозасы әкелінеді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, полицейлерге тағысын тағыларға салынады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодекстің 77-бабында айқын жазылған. Вакцинация салдарасыз ба, жоқ па? Таңдау еркі өзіңізде.

Ал бізге келіп жатқан вакцинаны атауы "Sputnik V" деп аталады. Біз осыны алдырға он алтыншы елміз. 15 ел бұған дейін алдырған. Отандық вакцинамыз осы айдың ортасында дайын болады деп жатыр.

Айтайын дегенім, халық сену үшін бұл вакцинаны депутаттар, министрлер, шенеуніктер салдыру керек емес пе? Қорабын жаңадан ашып, видеоға түсіре отырып, елдің алдында салғызу керек. Сонда халық сенеді. Сіз қашан вакцина аласыз деп сұрайтындар бар. Мен денсаулық сақтау министрі мен президент Тоқаев вакцина қабылдаған соң салдырамын" , - деді Мақсат Толықбай.

Мақсат Толықбай: Шенеуніктер вакцина салдырғанын видео арқылы көрсетсін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.