Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаға ұстатарлық қылмыс: Он бір күйеуін өлтірген әйел қолға түсті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерлеген. Оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал оларды бірінен соң бірін өлтіріп отырғаны белгілі болды.

Тергеу ақпаратында 53 жастағы әйел әдейі жалғыз ер адамдарды іздегені көрсетілген. Ол тұрмысқа шыққан соң зейнеткерлердің мүлкін өз атына аударған. Бірнеше қалада үй мен пәтерге ие болыпты.

Оған арам ойын жүзеге асыруға қыздары көмектескен. Риэлтор да жоспардың орындалуына қол ұшын беріпті.

Шығын сомасы 21,7 миллион рубль (123 миллион теңгеге жуық) шамасында.

Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Осы аралықта күдікті он бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілініп отыр. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркістан облысында оңай жолмен ақша тапқысы келген ғашықтардың қылмысы әшкере болған еді.

Басылымның мәлметінше, 10 желтоқсанда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Қала тұрғынының айтуынша, оған ұялы телефон арқылы коллекторлар хабарласқан. Осылайша белгісіз адамдар ер адамның жеке деректерін пайдаланып, оның атынан 2020 жылдың ақпан айында онлайн-несие алған болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сол күні полицияға тағы бес жергілікті тұрғын дәл осындай арызбен жүгініп, көмек сұраған.

Полицейлер алаяқтардың жеке басын анықтау үшін барлық қажетті іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілердің ізіне түсіп, ұстаған.

Олар екі жергілікті тұрғын яғни жігіт пен оның сүйіктісі болып шықты. Ғашық жұптар осылай жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897495-zaga-ustatarlyq-qylmys-on-bir-kuieuin-oltirgen-aiel-qolga-tusti/

pixel