Қостанай облысында 17 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған
Жарияланған күні:
Қостанай облысы Амангелді ауданының тұрғындары өзінің өгей әкесінен аяғы ауырлап қалған кәмелетке толмаған қыз туралы жаңалықты талқылап жатыр. Ақпаратқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
"ТоболИнфо" басылымының жазуынша, 17 жастағы қыздың жүктілігі туралы Арқалықтағы колледжге оқуға кеткеннен кейін белгілі болған. Жас қыз өгей әкесімен қашықтан оқып жүрген кезде жыныстық қатынасқа түскені де жазылған.
Қазір кәмелетке толмаған қыз жүктіліктің жетінші айында екен. Сол себепті ол босануға дайындалып жүр.
Басылымның дерегінше, күдікті - қыздың анасының екінші күйеуі. Ерлі-зайыптының тағы ортақ екі баласы бар.
Қостанай облысы полиция департаменті KAZ.NUR.KZ порталына ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 120 бабымен (Зорлау) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті қамауда отыр.
Сондай-ақ ведомство кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген қылмыстық іс ерекше бақылауға алынатынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінген болатын.
Өңірлік Полиция департаментінің ақпаратынша, 23 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған қыз ауруханаға барып, іші ауырғанын айтып шағымданады. Тексеру барысында жасөспірімнің жүктілігіне жеті ай болғаны анықталады.
Ақ халаттылар бұл жайында бірден Түлкібас ауданы полицейлерін хабардар етеді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120- бабы 4- бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша тіркелді.
Ауыр қылмыс жасады деген күдікке қыздың өгей әкесі ілінді. Қазіргі уақытта азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897514-zuktiligine-zeti-ai-qostanai-oblysynda-17-zasar-qyz-ogei-akesinen-ayagy-auyr-bolyp-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.