Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматы Ресейде банк тонады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік Воронеж қаласының сотына банкке жасалған қарулы шабуыл ісі бойынша материалдар жолданды. Істе 38 жастағы Қазақстан азаматы күдікті ретінде танылған деп хабарлайды Воронеж облысы прокуратурасының ресми сайты.

Прокурор қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекіткен. Ол аса ірі көлемде қарақшылық жасады деп айыпталуда (РФ ҚК 162 бабы, 4 бөлімі).

Оқиға 2020 жылдың маусым айында болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы күндіз жергілікті банктердің бірінің кеңсесіне кіріп, клиенттермен жұмыс терезесіне барған.

Артынша менеджер әйелді пневматикалық тапанша мен граната муляжымен қорқытып, өзіне 5 млн рубльді беруін талап еткен. Дәл осы схеманы келесі терезеде де қолданған.

Өз өмірі үшін қорыққан банк қызметкерлері қаскөйдің талаптарын орындап, кассаға қарай өткен. Ол бөлмеде тағы екі қызметкер болыпты. Әріптестердің артынан барған ер адам оларды қорқытып-үркіткен.

Кассирлер түрлі валютадағы ақшаларды алып, жалпы сомасы 2 млн 800 мың рубльді тонаушының сөмкесіне салған. Күдікті ұрлаған ақшасымен бірге қашып кеткен.

Іс Воронеждегі соттардың біріне жолданған. Жоғарыда көрсетілген бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетсек, Алматы қаласында 2020 жылы 15 қазанда Kaspi.kz филиалына қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Қаруланған екі адам екі миллионға жуық теңгені ұрлап, қаржы ұйымын тонаған.

Кейінірек, тәртіп сақшылары бөлімшеге шабуыл жасады деген күдікпен 35, 34 және 28 жастағы үш азамат қолға түскенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897521-qazaqstan-azamaty-reseide-bank-tonady-degen-kudikke-ilindi/

pixel