Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында түрмеге дронмен екі смартфон кіргізбек болған

Опубликовано:

Дрон
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен тыйым салынған заттар өткізбек болған. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері "курьер-дронды" түрменің іргелес аумағында, әкімшілік ғимараттың артында байқаған.

Дронға пластикалық бөтелке байланған екен. Ал ішінде телефондар болған.

"Аталған факті бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Аутопсия кезінде екі смартфон анықталды. Аппаратты іске қосқан адамды кезекші наряд таппады. Қызметтік тексеру тағайындалды", - дейді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.

Айта кетсек, жазасын өтеп жатқан адамдарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды беруге әрекеттенген тұлға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 481-тармағына сәйкес жауапкершіліке тартылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда түрмеге тыйым салынған зат лақтырғандар қамауға алынған еді.

25 жастағы екі жігіттен телефон, модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылған болатын.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған.

Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897565-zambyl-oblysynda-turmege-dronmen-eki-smartfon-kirgizbek-bolgan/

pixel