Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәріханаларда қызуды төмендететін дәрілердің сатылымнан алынып жатқаны рас па

Опубликовано:

ДәріДәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде қызуды төмендететін дәрінің 10 қаптамасын бірден алуға үндейтін аудиохабарлама таралуда. Автордың айтуынша, адамдар COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдырсын деген мақсатпен Алматы және Алматы облысының дәріханаларынан бірқатар дәрі-дәрмекті сатылымнан алып тастау туралы "жоғарыдан бұйрық келіп түскен". Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, бұл желіде тараған кезекті жалған ақпарат.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ведомствоның хабарлауынша, дәріханалар мен ауруханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің, соның ішінде вирусқа қарсы және қызуды төмендететін препараттардың болуы апта сайын тексеріледі.

"Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыз ету шамамен 90 пайызды құрайды. Дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) қажетті препарат бар.

Сонымен қатар тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік препараттарды жеткізу жалғасуда. Қалада екі айлық қор бар", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство Алматы қаласының және облыстық дәріханаларда медициналық маскалар мен термометрлер жеткілікті екенін де атап өтті.

ДСМ бүгінгі таңда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарына жоғары сұраныс жоқ екенін де айта кетті.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина егу басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина ерікті және тегін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897591-almatyda-darixanalarda-qyzudy-tomendetetin-darilerdin-satylymnan-alynyp-zatqany-ras-pa/

pixel