Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қуанышты хабарды жариялады

Опубликовано:

Алаяқ1
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары әлемде коронавирустың таралу қарқыны баяулағанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз бірқатар елде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін байқап отырмыз", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкховен.

Оның айтуынша, бұған вирустың таралу тізбегін тоқтататын шараларды қолданудың арқасында қол жеткізілген. Ол вакцинаны коронавируспен күрестің тағы бір "қуатты құралы" деп атады.

Сонымен бірге, Керкховен науқастар саны азайып жатқан елдерді COVID-19-пен күрес шараларын одан әрі сақтауға шақырды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 вакцинасын қабылдаған адамдар саны вирусты жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеген болатын.

"Бір жағынан, бұл жақсы жаңалық және қысқа уақыт ішінде қол жеткізілген таңғажайып жетістік. Бірақ вакциналаудың төрттен үш бөлігінен астамы әлемдік ЖІӨ-нің 60%-і шоғырланған небәрі он елде жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті ол.

Гебрейесус халықтың едәуір осал бөлігін және медицина қызметкерлерін вакциналап үлгерген мемлекеттерді жаппай вакциналауды бастамас бұрын артық екпені басқа елдермен бөлісуге шақырды.

Еске салсақ, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897667-duniezuzilik-densaulyq-saqtau-uiymy-quanysty-xabardy-zariyalady/

pixel