Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының бұрынғы директоры қайтыс болды

Опубликовано:

Ербол Іргебай
Фото: facebook.com/erbol.irgebai

Елордалық Оқушылар сарайының бұрынғы директоры Ербол Іргебай қайтыс болды. Ол 58 жаста еді. Қайғылы жаңалықты қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Қайғылы хабар. 2021 жылы 5 ақпанда астаналық Оқушылар сарайының директоры, ұлағатты ұстаз және жарқын тұлға Ербол Іргебай өмірден озды. Иманды болсын", – деп жазды Мирас Шекенов.

Марқұмның әріптестері мен туыстары отбасына қайғыра көңіл айтты.

"Осындай тамаша адамнан айрылудың өзі жанға қатты батты! Өз отанының лайықты ұлы, қамқор әке, сүйікті жар, тамаша ұстаз, керемет дос! Ербол Исламұлы мәңгілік естімізде! Іргебаевтар әулетіне көңіл айтамын!", – деп жазды әріптесі Валентина Рябова.

Марқұмның әріптесі Динаш Мұхтар Facebook-тегі парақшасында Ербол Исламұлына жазба арнады.

"Құдайдың құтты күні, әр күні әртүрлі тілек жазатын еді... "Адал өмір сүр, ешкімнің ала жібін аттама", деп. Тұлғалардың тағылымды сөздерін еске салып, үлгі ретінде қоса жазатын... Сол бір тілек арқылы да айналасын тәрбиелеп кетті.

Оның адамдармен өзара қарым-қатынасы және өз тәжірибесімен бөлісе білуі мені таңқалдыратын, ол балалардың жеке және патриоттық тұрғыда дамуына ізгілікті, жаңашыл педагогиканың адамы болды (...).

Менің өмірімде болғаныңыз және барыңыз үшін рақмет, Ербол Исламұлы", – делінген жазбада.

Өлімнің себебі хабарланған жоқ.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Ербол Исламұының жанұясы мен Іргебай әулетіне қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897668-nur-sultanda-oqusylar-saraiynyn-buryngy-direktory-qaitys-boldy/

pixel