RU

Сириядан қазақстандық балаларды құтқару сәтінің видеосы пайда болды

Құтқару сәті
Видеодағы кадр: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Отандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың Сириядан оралуы жөніндегі бесінші арнайы "Жусан" операциясының видеосын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

4 ақпанда Сириядан Қазақстанға 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала, оның ішінде 2 жетім бала оралды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі біздің отандастарымызды құтқару операциясын АҚШ пен басқа да халықаралық серіктестердің қолдауымен өткізді.

Жетім балалар туыстарының қамқорлығына берілетіні атап өтілді. Мемлекет оларға барлық қажетті көмекті көрсетеді. Сонымен қатар, балалар мен әйелдер оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларына қосылады.

Террористік әрекетке қатысы бар адамдар жауапқа тартылады.

Бұған дейін Сириядан елге оралған қазақстандықтар ол жақтағы жағдайлары қалай болғаны туралы айтып берген еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Еске салсақ, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатыстылығы бар топ мүшелерін ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897672-siriyadan-qazaqstandyq-balalardy-qutqaru-satinin-videosy-paida-boldy/