Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен тұман күтіледі
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК өкілдері 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар), солтүстікте – қар жауады.
Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 30 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде де бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал, желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде де бұрқасын күтіледі, желдің күші 23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні күндіз секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Алматыда және Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897748-bugin-elimizdin-basym-boliginde-zauyn-sasyn-men-tuman-kutiledi/