Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру жалғаса ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары ведомствода өткен онлайн-брифингте "Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көліктің техтөлқұжатын беру жалғаса ма" деген сұраққа жауап берді. Жақында президент аталған құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Түсіпов Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көліктің техтөлқұжатын беру жалғасатынын айтты. Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасарының айтуынша, аталған мемлекеттік қызмет әлеуметтік маңызды болып табылады.

"Бұл әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет, бұл халықтың көлік белсенділігіне әсер етеді, сондықтан мұндай жүргізуші куәліктері мен техникалық төлқұжаттар беру қызметі жалғасады", – деді ол.

Оның айтуынша, елде жыл сайын шамамен 500 мың адам жүргізуші куәлігін алады. Шамамен 1,5 миллион көлік құралын тіркеу туралы куәлік берілген.

"Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Бұл құжаттар азаматтарымызға халықаралық қозғалыста, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін қажет, соның ішінде жүргізушінің біліктілігін растау, көлік құралдарын сату және басқа да азаматтық-құқықтық қатынастарда керек болады", – деп түсіндірді маман.

Сондай-ақ, ол полиция қызметкері әлі де жүргізуші куәлігін талап етсе немесе олардың жоқтығы үшін айыппұл саламын деп қорқытса, не істеу керек деген сұраққа түсініктеме берді.

"Егер полиция қызметкері құжаттарды көрсетуді талап етсе, сіз 102 нөміріне немесе ішкі қауіпсіздік бөліміне қоңырау шала аласыз. Сонымен қатар, толтырылған әкімшілік хаттамаға қарсы сотқа шағым түсіре аласыз. Біз мұнда сіздердің құқықтарыңызды шектемейміз. Алайда әр полиция қызметкеріне жаңа заң нормаларын түсіндірілді, нұсқаулар берілді, сондықтан мұндай жағдайлар болмайды", – деп уәде етті Түсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897823-qazaqstanda-zurgizusi-kualigin-beru-zalgasa-ma/

pixel