Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәретханаға тастаған: БҚО-да өз баласын өлтірген 19 жастағы қыз жауапқа тартылды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында педагогикалық колледждің екінші курс студенті жаңа туған нәрестенің өлімі бойынша кінәлі деп танылды. 19 жастағы қыз өз түсініктемесінде жігітінің баладан бас тартқанын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осы іс бойынша сот отырысы Казталов ауданында болған. Айыпталушы кінәсін мойындағандықтан, қылмыстық іс қысқартылған нұсқада өткен.

Процесс барысында колледждің 19 жастағы студенті өз баласын көше дәретханасына тастап, сәбиден құтылғаны анықталды.

"Қыз өзінің жүкті екенін 2020 жылдың қыркүйегінде білген. Ол бұл жаңалықты жігітіне хабарлаған, бірақ ол әке болудан үзілді-кесілді бас тартқан. Студент ата-анасынан қорқып, жүктілігі туралы ешкімге айтпаған.

2020 жылдың 23 қарашасында оның іші ауырған. Сол сәтте әкесі де, анасы да үйде болмаған, ал ағалары жатып қалған. Қыз өз үйінің дәлізінде тірі баланы босанып, кіндігін кесіп, оны пакетке салған. Түйіншекті дәретхана шұңқырына тастаған", - дейді сот.

Казталов аудандық сотының үкімімен айыпталушы жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы берілген.

Еске сала кетсек, бұл жантүршігерлік оқиға 2020 жылдың 26 қарашасында белгілі болған еді. Сол кезде полицейлер жас қызға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Сот-медициналық сараптама жаңа туған нәресте қатты салқын тигеннен көз жұмғанын растады. Ал босанған әйел ауруханада жатыр, дәрігерлер бақылауында. Пациентпен психологтар да профилактикалық жұмыс жүргізуде", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897858-daretxanaga-tastagan-bqo-da-oz-balasyn-oltirgen-19-zastagy-qyz-zauapqa-tartyldy/