Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 19 жастағы студент жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО-да студент қыз жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған. Өңір денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, нәресте қатты салқын тигеннен көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол ауылында 23 қараша күні болған. Дәрігерлер ақпарынша, 19 жастағы қыз үйде дені сау баланы дүниеге әкелген. Ал кейінірек ол дәретханада өлі күйінде табылған. Анасы әзірге бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндірмеген.

"Сот-медициналық сараптама жаңа туған нәресте қатты салқын тигеннен көз жұмғанын растады. Ал босанған әйел ауруханада жатыр, дәрігерлер бақылауында. Пациентпен психологтар да профилактикалық жұмыс жүргізуде", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасында.

Полиция депаратменті аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес (Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі) қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу басталғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, тамыз айының соңында Алматы қаласы Алмалы ауданы Райымбек даңғылының бойындағы арықтан дәрменсіз күйде жатқан жаңа туған нәресте табылған еді.

Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырып, ол ауруханаға жеткізілген болатын.

Кейін желіде арықтан табылған нәрестені құтқару сәтінің видеосы жарияланды. Ал нәрестені құтқарып қалғандарға желі қолданушылары алғыстары мен мақтауларын жаудырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886651-bko-da-19-zastagy-student-zaa-tugan-sbiin-drethanaga-tastagan/

pixel