Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер лай кешіп, жаяу жүр: Алматыда жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматыдағы шағын аудандардың бірінде жедел жәрдем көлігі лайға батты. Медицина қызметкерлері қоңырау түскен мекен-жайға дейін батпақ кешіп, жаяу барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балшықтан шыға алмай тұрған жедел жәрдем көлігінің фотосы Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында жарияланды.

"Адамға көмекке бара жатыр, бірақ Көлсай шағын ауданының мінсіз көшелері мен жолдарының арқасында үлгере алмай жатыр", - делінген жазбада.

Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 7 ақпанда Көлсай шағын ауданындағы Дәуір көшесінде болған.

"Шақырту орнына 30 метрдей қалғанда көлік тығылып қалды. Құрал-сайманды алған медицина қызметкерлері мекен-жайға дейін тізесінен батпақ кешіп, жаяу барды. Шақырту орындалып, пациентке көмек көрсетілді, ауруханаға жеткізу қажеттігі болмады.

Жеке көліктер мен басқа да жедел жәрдем техникаларын тарту ешқандай нәтиже берген жоқ. 3 сағаттан кейін жүргізуші қолдан жасалған құрал мен домкратты қолданып, жолсыз жерден шыға алды", - дейді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлері мінген Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болған еді.

ИИДМ мәліметінше, ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышы істен шыққанын хабарлаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған.

Бортта экипаждың 3 мүшесі және 2 медицина қызметкері болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897870-darigerler-lai-kesip-zayau-zur-almatyda-zedel-zardem-koligi-batpaqqa-batyp-qaldy/

pixel