Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Sagiz Petroleum мұнайшылары наразылыққа шықты

Опубликовано:

Мұнайшылар11
Кадр: КТК арнасынан

Ақтөбеде мұнайшылар наразылығы тоқтамай тұр. Бұл жолы "Сағыз Петролиум" компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді, вахтадағы жұмыс уақытын он бес күнге қысқартуды талап етіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"Сағыз Петролиум" компаниясы Ақтөбе мен Атырау облысында геологиялық барлау және мұнай іздеумен айналысады.

Бүгін ұйытқыған жел мен үскірік аязға қарамастан 60 шақты жұмысшысы мұнай компаниясы кеңсесінің алдына жиналған.

Айтуларынша, жалқылары 150 мың теңгеге де жетпейді. Жалқыны көтеру мәселесін үш жылдан бері айтып, бірнеше рет арыз жазғандарын жеткізді.

"Айлығымыз 130-140 теңге. 110-120 алатындар бар. Ол бір ипотекаға төлеуге келмейді. Талабымыз – 200 мың және 15 күн вахта", - дейді мұнайшы Болатқан Жұмағалиев.

Ал дауға араласқан еңбек инспекторлары қос тарап келісімге келер деген үмітте.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Саламат Аманбаевтың сөзінше, егер татуласудан нәтиже шықпаса, жұмысшылар еңбек арбитражға жүгіне алады.

"Егер еңбек арбитражда шешімге келмесе, онда сотқа шағымдануға болады", - дейді ол.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде "МұнайСпецСнабй компаниясына жалданып жұмыс істейтін жұмысшылар наразылыққа шыққан еді.

Олар жалақыны көтеруді және жұмыс сағатын ұзартуды талап еткен болатын.

Наразылық білдірушілердің айтуынша, карантинге дейін бір күнде он сағаттық жұмысына 14 мың теңге алып келген. Ал карантин кезінде жұмыс уақыты мен төлем көлемі қысқарып, күндік жалақы 10 мың теңгеге дейін азайып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897926-aqtobede-sagiz-petroleum-munaisylary-narazylyqqa-syqty/

pixel