Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жеке кәсіпкерлікті тіркеу мен жабу жеңілдетіле ме: Министр пікір білдірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті тіркеу және жабу жеңілдетілетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамаубаевтың айтуынша, салық төлеушілерге арналған жеке меншікке салық төлеудің қолайлылығы үшін "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы дайындалған.

Қосымша деректемелерді толтырмай салық төлеуге, 2 минут ішінде онлайн толтыруды және автотасымалдарды жүргізуге, артық төлемді басқаруға және т.б. мүмкіндік бермек.

Жеке кәспкерлікті тіркеу мен жабуды оңайлату, салық есептілігін ұсыну, сондай-ақ комиссияны алып тастау және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу көзделеді, деді министр.

Ол Үкімет отырысында Мемлекет басшысы салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету бойынша міндеттер қойғанын еске салды.

"Бұл бағытта ең алдымен жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленетін болады. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы болмайды", - деді Жамаубаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қаржы министрі ведомство өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен қалай күреспек ниетте екенін жеткізді.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының аздығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын жеткізді.

Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік осындай қорытындыға келген. Министрдің айтуынша, бұл жағдай тәжірибелі жұмысшылардың жеке секторға кетуіне алып келеді.

"Базалық жалақыға қосымшамен және бірыңғай форманы енгізумен сыныптық шендерді енгізу ұсынылады. Бұл шаралар жоғары білікті кадрлар мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898011-elimizde-zeke-kasipkerlikti-tirkeu-men-zabu-zenildetile-me-ministr-pikir-bildirdi/

pixel