Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда заңсыз митинг ұйымдастырғандар жазаға тартылды

Жарияланған күні:

Митинг
Фото: t.me/almoblsud

1 ақпанда әлеуметтік желіде Талдықорғанда бір топ адамның митинг өткізіп жатқаны туралы видео пайда болды. Оқиға орнына келген полицейлер акцияның заңсыз ұйымдастырылып жатқанын анықтаған. Іс-шараға қатысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының Telegram арнасы хабарлайды.

Оқиға орнына келген полицейлер митингшілерге қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 488-бабы 6 тармағымен хаттамалар толтырған.

Бір азаматқа ұйымдастырушы мәртебесі берілген (ӘҚБтК-тің 488-бабының 7-бөлігі).

Осыдан кейін іс материалдары сотқа жолданған.

8 ақпанда Талдықорған әкімшілік соты "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңнаманы бұзған бір топ азаматтарға қатысты әкімшілік іс материалдарын қараған.

Нәтижесінде барлығы кінәлі деп танылып, сот тек ескерту берумен шектелген.

Әзірге қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов 10 қаңтарда Алматыдағы Тәуелсіздік алаңында болған жайтқа қатысты әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірген еді.

"Құрметті, отандастар! Осы уақытқа дейін мен халқыммен бірге болдым және әлі де бірге болатынымды айтқым келеді. Митинг кезінде наразылық білдірген халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барған болатынмын. Бірақ, қарсы топтардың белсенділері маған кері пікір білдіріп, менің жеке намысыма тиетін сөздер айтып жатқасын, жақындап барып, бәрін түсіндірмекші болдым.

Сол тұста қарсы топтардың арандатушылары мені кадрға алып, түрлі бағытта ақпараттар таратып жіберген болатын", - дейді боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898033-taldyqorganda-zansyz-miting-uiymdastyrgandar-zazaga-tartyldy/