Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма: Көлгінов жауап берді

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: uralskweek.kz

Қосшы ауылы Нұр-Сұлтан қаласына қосыла ма? Қала әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуі кезінде осы сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов қазір бұл мәселенің жоспарда жоқ екенін айтты.

"Қосшы ғана емес, басқа да қала маңындағы ауылдарды қалаға қосу жоспарда жоқ", – деді Көлгінов.

Жалпы, оның айтуынша, астанадан жақын орналасқан 16 елді мекен бар. Онда 300 мың адам тұрады. Жол салу, сумен қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру секілді тұрғындардың проблемалары Ақмола облысының әкімдігімен біріге отырып шешілетін болады, деп сендірді Көлгінов.

"Біз тұрғындардың өзекті мәселелері бар екенін білеміз, сондықтан оларды шешу үшін Ақмола облысының әкімдігімен жұмысты жалғастырамыз", – деп қосты ол.

Ол сондай-ақ, Қосшы тұрғындары қалаға еркін кіріп-шыға алатынын атап өтті.

"Естеріңізде болса, карантин жарияланған кезеңде Қосшы бақылау-өткізу пунктінің қамту аймағына енгізілген болатын, өйткені сіз айтқандай, көптеген тұрғын Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді, оқиды, емделеді. Яғни қаладағы барлық қызметтер қолжетімді, оған ешкім тыйым салмайды. Қаланың айналасында Қосшыдан басқа да елді мекендер бар. Сондай-ақ ешкім бұл елді мекендердің тұрғындарын шектемейді, барлығы қала тұрғындарымен бір деңгейде", – деп қорытындылады әкім.

Еске салсақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов халықпен кездесуі барысында қойылған сұрақтардың біріне ағылшын тілінде жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898251-qossy-nur-sultanga-qosyla-ma-kolginov-zauap-berdi/

pixel