Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов халықпен кездесу барысында ағылшын тілінде еркін жауап берді (видео)

Опубликовано:

Көлгінов
Видеодан кадр: zakon.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов халықпен кездесуі барысында қойылған сұрақтардың біріне ағылшын тілінде жауап берді деп хабарлайды zakon.kz.

Шаһар басшысына елордада төрт жылдай тұратын мадридтік Диего Амадо сұрақ қойды. Сөзінше, оған әкімнің презентациясы ұнаған, сондықтан бірнеше ұсынысы пайда болған.

"Демалыс күндері Мадридте орталықтың жарты бөлігінде жол қозғалысы шектеледі. Бұл бір жағынан экологияға оң әсерін тигізсе, екіншіден қала тұрғындарының белсенділігін арттырады. Олар велосипедпен жүріп, қыдырады. Жүгіріп, демалыс күндерін белсенді өткізеді", - дейді ол.

Көлгінов өз кезегінде Амадоға алғыс айтты.

"Біздің қаланы дамуына қызығушылық танытып жатқаныңызға алғыс білдіремін. Біз салыстырмалы түрде сараптама жасаймыз, тәжірибе өткіземіз. "Нұр-Сұлтан жайлы қала" атты жоспарымыз бар. Ол үш негізгі қағидадан тұрады: дені сау халық, тұрақтылық және өмір сүру жайлылығы. Біздің командамызға қосылсаңыз, қуанышты болар едік", - дейді әкім ағылшын тілінде.

Диего Амадо бұл жобаға атсалысуға келісім берді.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары аспанда пайда болған "гало" атты құбылыстың куәсі болған еді.

Мұндай құбылыс көбінесе Қазақстанның солтүстік қалаларында ақпан-наурыз айларында пайда болады.

Гало - Күн айналасында екінші реттік жарықтың пайда болуымен сипатталатын оптикалық құбылыс. Бұл жолы гало сақина тәрізді болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898240-kolginov-xalyqpen-kezdesu-barysynda-agylsyn-tilinde-erkin-zauap-berdi-video/

pixel