Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық полицейлер жоғалған жасөспірім қызды Нұр-Сұлтаннан тапты

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірім қызды Нұр-Сұлтан қаласынан тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, ұшты-күйлі жоғалған кәмелет жасына толмаған қызын тауып беруге көмек беруін сұраған.

Анасының сөзінше, 17 жастағы қызы түскі уақытта үйінен сыртқа шығып кетіп оралмаған. Содан олар жасөспірімді өздері күні бойы іздеп, таба алмапты.

Бұл әрекеттерінен нәтиже шықпаған соң тәртіп сақшыларына хабар берген. Ақпарат алысымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірім қызды іздеуге кіріскен.

Оның баруы мүмкін жерлерді тексеріліп, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алынған. Полиция дерегеніше, жоғалған қызды табуға қажетті барлық шараларды тәртіп сақшылары іске асырыпты.

Нәтижесінде қыз Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелердің бірінен табылған.

Ол Мақтаарал қаласына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

Тексеру барысында анықталғандай, жасөспірім қыз өзінің сөйлесіп жүрген жігітімен Нұр-Сұлтан қаласына бірге кеткен.

Өз кезегінде қызының аман-есен табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын жеткізуді ұмытқан жоқ.

"Сіздердің арқаларыңызда қызым аман-есен табылды. Жедел әрекет еттіңіздер. Біз сонша іздеп, таба алмаған қызымызды бір сәтте тауып бердіңіздер. Сіздерге үлкен рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!, – деп атап өтті қыздың анасы.

Түркістан облысының полицейлері барша ата-аналарға кәмелетке толмаған ұл-қыздарымен өтпелі кезеңде түсіністікпен тілдесіп, олармен дос болуға шақырады.

Жасөспірімдерге үлкендердің рұқсатынсыз үйден алыс кетпеу керектігін үнемі ескертіп отыру қажеттігін алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898293-turkistandyq-policeiler-zogalgan-zasospirim-qyzdy-nur-sultan-qalasynan-tapty/

pixel