jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Астанада әйел адам жеп отырған нанның ішінен пышақтың сынығы шықты

Фото
Фото: Facebook/Астана - Что? Где? Когда?

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пышақтың сынығын жұтып қоя жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әйел Facebook әлеуметтік желісіндегі Астана – Что? Где? Когда? тобында жария етті. Оның сөзінше, өткір зат кәдімгі нанның ішінен шыққан.

"Бүгін таңертең таңғы асқа нан мен май жедім. Бірақ аяқасты ауырсыну сездім, аузымнан бірден қан ақты... Мен нанды баяу түкірдім, қарасам, онда пышақтың сынық жүзі бар... Ауыз қуысымның төменгі жағын зақымдадым", - деді автор.

Осылайша, елордалық тұрғын аудандық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген.

"Мен оларға тағы бір жағдайды айтқым келді, ал олар мені тыңдамай телефон тұтқасын қоя салды. Шамасы, асыққан шығар. Нан Қосшы кентінің "Алтын орда" шағын маркетінен сатып алынды. Сақ болыңыз. Ол менің балаларыма емес, маған тигеніне қуаныштымын", - деді әйел.

Астанада әйел адам жеп отырған нанның ішінен пышақтың сынығы шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.