Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалады

Опубликовано:

Химиялық кастрация
Көрнекі фото: delo.ua

Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады.

Қазіргі таңда қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерделеуде. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салу керектігін анықтайды деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпы, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 миллион 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.

"Антиандрогендік препараттар тағайындау - ол да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені ол әр адамның физикалық жағдайына байланысты. Оған аллергиялық реакциясы бар ма, жоқ па - соны анықтау үшін бүкіл қан талдауы жүргізіледі.

Антиандрогендік препаратпен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді",- дейді ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері Ерлан Әбдібай.

Айта кетейік, бүгін алматылық бойжеткенді топ болып зорлау ісіне нүкте қойылды. Сот процесі алты айға созылды. Жәбірленушінің қорғаушылары сот процесінің қиын әрі қарама-қайшылыққа толы болғанын жеткізді.

Зорлықтың құрбаны болған бойжеткен тергеуде және сот барысында басынан кешкен азапты күндерін баяндап берді. Екі айыпталушы, экс- прокурор мен банкир Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі, 1-бөлігі және 121-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898355-zambyl-oblysynda-algas-ret-pedofilge-himialyk-kastracia-zasalady/

pixel