Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-прокурор мен банкирден зорлық көрген ару: Үкім менің бастан кешкен сұмдық жайттарыма тұрарлық

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Sochinews.io

Бүгін алматылық бойжеткенді топ болып зорлау ісіне нүкте қойылды. Сот процесі алты айға созылды. Жәбірленушінің қорғаушылары сот процесінің қиын әрі қарама-қайшылыққа толы болғанын жеткізді. Зорлықтың құрбаны болған бойжеткен тергеуде және сот барысында басынан кешкен азапты күндерін баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, қылмыс Алматыда 2019 жылдың қараша айында орын алған.

Сотталушылардың бірі, экс-банкир бойжеткенді үйінде достары барын айтпай, өз пәтеріне алдап шақырып алған. Жәбірленуші оған сенгендіктен еш сезіктенбеген. Іс материалдарына сай, сол күні сотталушының бірі ойынханада ірі сомаға ұтылып, ішімдікке тойып алған.

Пәтерде барлығы бес ер адам болған. Олар кейін іс бойынша куәгерлік етті. Прокурор мен банк қызметкері бойжеткенді бөлек бөлмеге қамап қойып, арам ойларын жүзеге асырған. Жәбірленуші тек таң ата қашып шыққанын айтады. Бойжеткен ізін суытпай полицияға шағымданған.

Бұл іс бойынша Алматы қаласы прокуратурасының бұрынғы қызметкері мен ірі банктің топ менеджеріне айып тағылды.

Жәбірленуші бойжеткен тергеу кезінде және сот барысында өзіне сотталушылардың туыстары мен таныстары тіл тигізгенін, қорқытып-үркіткенін айтты. Іс аудандық полиция бөлімшесінде жүрмей қойған. Соталды тергеу ісі 9 айға созылған. Қорғаушы тарапынан бірнеше рет шағым түскен соң, іс қалалық полиция департаментіне берілген. Ал сот процесі алты ай жүрген.

"Мен адвокатым Жанна Оразбақова мен Әлия Омаровағы рахмет айтамын. Шығарылған үкімге ризамын. Бұл үкім менің бастан кешкен сұмдық жайттарыма тұрарлық. Зорлық-зомбылық құрбаны болған барша қыздарға, әйелдерге айтарым: соңына дейін күресіңіздер. Түбінде әділеттілік орнайды", - дейді жәбірленуші.

Жәбірленушіні қорғаушы тараптың сөзінше, сот қиын әрі қарама-қайшылыққа толы болған.

"Куәгерлер сотта айғақ айтудан бас тартты, қарсы жақ үнемі тіл тигізіп, жәбірленушіні қорлап, түрлі әрекетке итермеледі. Біз үкіммен келісеміз. Жәбірленушінің басынан кешкендерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тергеудегі тозақ бір жыл, үш айға созылды.
Қысым, аңду, қорқыту - бәрін өткердік. Бірақ осы қылмыскерлерге берілген 8 жыл мыңдаған әйелге сенім ұялатты. Ерте ме кеш пе барлығын әділетті жаза күтіп тұр. Сотқа, прокурорға және біздің тергеуші Олеся Журавлеваға объективтілігі үшін алғыс айтамын", - деді адвокат Жанна Оразбақова.

Соталды тергеу кезінде құрбанның жеке мәліметін жария еткен полицейлердің ісі бөлек қаралған. Тергеудің алғашқы кезеңдерінде жәбірленуші туралы жеке мәліметтерді тәртіп сақшылары зорлаушылардың туыстарына таратқан.

Айта кетейік, екі айыпталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі, 1-бөлігі және 121-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898098-tergeudegi-tozaq-eks-prokuror-men-bankir-zorlagan-almatylyq-boizetken-syndyqty-aitty/

pixel