RU

Эпидемия: Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақтан шықты

Фото
Көрнекі фото: travelask.ru

Денсаулық сақтау министрлігі 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cоңғы бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі өңірі "қызыл" аймақта. Олар: Ақмола және Павлодар облыстары.

Кеше "қызыл" аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгін "сары" аймаққа ауыстырылды.

"Сары" аймақта сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Еліміздің қалған өңірінің барлығы "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1007 адам тіркелген. Олардың 131-і Нұр-Сұлтан қаласынан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 199 093-ке жетіп отыр.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898421-epidemiya-nur-sultan-qyzyl-aimaqtan-syqty/