RU

Алексей Цой қандай вакцина салдыратынын айтты

Цой1
Фото: Денсаулық сақтау министрлігің ресми сайты

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Сонымен қатар Қазақстанда QazCovid-In вакцинасының дайындалып жатқаны белгілі. Цой оның технологиясының өзгешелеу екенін жасырған жоқ.

Бізде оған қатысты зерттеулер айрықша бақылауда тұр, дейді министр.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта клиникалық зерттеудің соңғы үшінші фазасы жүріп жатыр, 3 мың ерікті екпе салдырған.

Осы орайда Цой отандық вакцина бойынша жақсы нәтиже болып отырғанын атап өтті.

Ведомство басшысы денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағысы келетінін жеткізді.

"Вакцина шыққан кезде, яғни бізде ресми түрде жіберілгенде алғашқылардың қатарында оны салдырамын", - деді Цой.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі "Ashyq" мобильді қосымшасына қатысты өз ойын айтты. Айта кетейік, пилоттық жоба аясында адамдарды қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөліп, кейбір мекемелерге QR-кодпен ғана кіргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898342-aleksej-coj-kandaj-vakcina-saldyratynyn-ajtty/