Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кассирге бензин шашқан: Қарағандыда күдікті ұрылар ұсталды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/temirtau.times

Қарағанды қаласында шағын несие ұйымына кіріп, кассирге бензин шашып, тонау ұйымдастырған күдіктілер ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда Қарағандыда белгісіз екі ер адам шағын несие ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасады.

Медициналық бетперде кигендер кассирге бензин шашып, өртеймін деп қорқытқан. Олар кассадан 120 мың теңгені иемденіп кетіпті.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар өз кінәларын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүрзіліп жатыр", – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Айта кетерлігі, тонау сәтінде бейнебақылау камерасына жазылған видео кейінірек әлеуметтік желілерде пайда болды.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда ер адам қоқыс жәшігімен терезені сындырып, жанармай құю бекетіне кіріп, кассадағы ақшаны қолды қылған болатын.

Дегенмен ол ізін суытпай ұсталды. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, тонау сәті кезінде мас күйде болғаны анықталды.

Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленген.

Сонымен қатар Алматыда дүкенге шабуыл жасағандар ұсталған болатын.

Полицияның мәліметінше, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт азамат кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, оны бір мәрте аспанға атып, ақша сұраған.

Дегенмен олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кеткен.

Алайда күдіктілердің екеуі жасырынып үлгермеген. Нәтижесінде барлығы қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898422-kassirge-benzin-sasqan-qaragandyda-kudikti-urylar-ustaldy/

pixel