jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Зират басына барған шымкенттіктер жаға ұстарлық жағдайға тап болды

Фото
Фото: Sputnik / Андрей Стенин

Шымкент қаласының тұрғындары белгісіз біреулердің мұсылман зиратындағы қабірлерді қорлағанын айтып шағымданды. Олар тастағы суреттерді өшіріп, қоршауларды бұзып әкеткен деп хабарлайды Otyrar.kz арнасы.

Шымкенттік Нұрия Ғабдулина соңғы рет зират басына екі ай бұрын келгенін жеткізді. Бұл жерде оның бес бірдей туысы жерленген. Осы жолы келгенде бейіттегі жағдайды көріп, жағасын ұстады.

"Осы жердегі қоршауларды, ескерткіштерді бұзып тастаған. Құлпытастағы фотоларды да өшірген. Ағамның ескерткішін тұғырынан алып, тасқа қашалған фотосуретін өшіріпті. Анам жатқан жердің қоршауын да бұзған. Ал ескерткішін тұғырынан алып, жерге қадап кеткен. Тағы бір ағамның суретін өшірген", - дейді ол.

Әйел бәрін шырақшылардан көріп отыр. Өйткені зират аумағында құлпытасқа сурет қоюға болмайтыны жазылған тақта орнатылған. Зиратта, шамамен, 100 қабір бар. Соның 11-інде марқұмның қашалған суретін өшіріп тастаған.

Әбдірахман мешітінің бас имамы Нәзірхан Ташходжаевтың сөзінше, осыңан дейін де мұндай шағымдар болған. Өткен жылы құқық қорғау органдары келіп кетті, дейді ол. Сол кезде кінәлі адам табылып, бәрін қалпына келтіруге міндеттелген.

"Шариғат бойынша құлпытас жасатқанда өмірден өткен адамның фотосын қоймаған дұрыс. Бірақ біз оған тыйым сала алмаймыз. Адамдардың құқықтарына қол сұғуға болмайды. Тірі болсын, марқұм болсын, оларды құрметтеу – шариғаттың ережесі", - деді Ташходжаев.

Қабірі қорланғандардың туған-туыстары полицияға арыз жазған. Қазіргуі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адам табылса, ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттеледі, я болмаса, үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Зират басына барған шымкенттіктер жаға ұстарлық жағдайға тап болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.