Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әкім мен шенеуніктердің ұсталған сәтінен видео жарияланды

Опубликовано:

Талғарлық шенеуніктердің ұсталған сәті
Видеодан кадр: Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті

Талдықорғанда өткен брифинг кезінде өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Диас Нүсіп Алматы облысындағы шенеуніктердің ұсталуы туралы айтты. Атап айтқанда, Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жедел іс-қимылдың видеосы көрсетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Диас Нүсіп 24 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, прокуратура және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі бойынша Талғар ауданы әкіміне және аудандық әкімдіктің басқа да лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет адамдар тарапынан айтарлықтай мөлшерде пара алды деп айыпталуда (ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары).

"26 қаңтарда Іле ауданының соты Талғар ауданының әкіміне қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - дейді спикер.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа деректер жария етілмейді.

Сонымен бірге Талғар аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының ұсталған сәтінен кадрлар көрсетілді.

Еске сала кетсек, Талғар ауданының әкімі Серікжан Еркешевтің ұсталғаны туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желіде пайда болды. Кейінірек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғанын растады.

Айта кетейік, Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі қызметіне өткен жылдың тамыз айында бұрынғы әкім қайтыс болған соң тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898451-almaty-oblysynda-kim-men-seneunikterdi-stalgan-stinen-video-zarialandy/

pixel