Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі ауылдасын жақтырмаған тұрғын олардың интимді видеосын таратып жіберген

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының тұрғыны WhatsApp желісіндегі топқа екі ауылдасы бейнеленген порнографиялық видеоны жіберген. Роликті чаттағы 250 адам көрген. Нәтижесінде топтағылардың бірі полицияға арызданып, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Успен аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Интимді видео көпшілікке 2020 жылдың желтоқсанында жария болған. Оны мессенджердегі тауар сатуға және сатып алуға арналған ортақ чатқа 47 жастағы ер адам кездейсоқ емес, әдейі жіберген.

Кадрда екі ауыл тұрғыны бейнеленіпті.

Бұл жайттан кейін жергілікті тұрғын полицияға арызданып, кейін полиция порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Видеоны жіберген адам сотта өз кінәсін мойындаған. Ер адаммен процессуалдық келісім жасалған. Прокурор мен қорғаушы оны бас бостандығынан айырмау туралы жазаға келіскен.

"Сот процессуалдық келісім шеңберінен шықпай, пробациялық бақылау орнатып, мәжбүрлі түрде 100 сағатқа еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетауда жарнама сайттарында порнографиялық сипаттағы суреттерін таратқан бойжеткен ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қызға қатысты қылмыстық кодекстің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа тергеу амалдары жүріп жатыр.

Белгілі болғандай, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898482-eki-auyldasyn-zaqtyrmagan-turgyn-olardyn-intimdi-videosyn-taratyp-zibergen/

pixel