Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Порнографиялық суреттерін жариялаған көкшетаулық бойжеткен ұятқа қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жарнама сайттарында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратқан көкшетаулық бойжеткен анықталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың ақпан айында Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел-криминалдық бөлімше қызметкерлеріне сайттардың бірінде шаһар аумағында "Света" лақап атымен бойжеткеннің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді тарату және жарнамалаумен айналысып жүргеніндігі туралы ақпарат түскен.

Аталған факті бойынша 9 ақпанда "Antifraud" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады.

Бойжеткен өз кінәсін мойындаған.

Белгілі болғандай, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, оның бір жылдан астам уақыт бұрын интимдік сипаттағы қызметтерді көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаны белгілі болды

Қазіргі уақытта, бойжеткенге қатысты қылмыстық кодекстің 311-бабы "порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша сотқа тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының полиция қызметкерлері адамға ВИЧ инфекциясын жұқтыру бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898384-pornografiyalyq-suretterin-zariyalagan-koksetaulyq-boizetken-uyatqa-qaldy/

pixel